Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572
Досмагамбетова Карлыгаш Тортаевна-  «№29 орта мектеп» КММ директоры .

Директор лауазымында 2013 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Осы  уақыт аралығында кадет сыныбын, №1,3 музыка мектептерінің филиалын (домбыра, фортепиано, аккордеон), техникалық шығармашылық орталық, мектепалды даярлық топтарын ашты. 1-11 сынып оқушыларына «Өзіндік даму психологиясы» («Релакс» кабинеті ашылды),т.б.  эксперимент, жобаларын ашуға жағдай жасады. Оқу үдерісіне «Lesson study», «Экочеллендж», «Nestle: дұрыс тамақтану» курсын енгізді. Білім беру саласындағы жетістіктері үшін Білім министрі, қала әкімі, Білім басқармасы тарапынан грамоталармен марапатталды.

Жекенова Бибигуль Тулеубаевна: директордың инновациялық  технологиялар жөніндегі  орынбасары;

Мамандығы: математика және физика пәнінің мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 30 жыл

Лауазымы: педагог- сарапшы

Марапаттары: Білім Басқармасынан «Алғыс хат», Астана қаласы, «Алматы» ауданы  әкімдігінен «Алғыс хат».


 Касанова Райгүл Айтөреқызы -«№29 орта мектеп» КММ  директорының оқу ісі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, біліктілік санаты «педагог-зерттеуші». Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың  бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтады, мектеп тренері. Мұғалімдердің біліктілігін дамытуда, оқушылардың білім сапасын арттыруда нәтижелі еңбек етіп келеді.Оқушылары арасынан «Алтын белгі», «Қызыл аттестат иегерлері» көптеп кездеседі. Білім беру саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы президенті, Білім министрі, қала әкімі, Білім басқармасы тарапынан марапаттары бар.

 

 gulzara
  
Аушахманова Гульзайра Елтаевна –«№29 орта мектеп» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Педагог-зерттеуші лауазымында еңбек етеді. Оқушылары аудандық,қалалық олимпиадаға қатысып,жүлделі орындарға ие. Бітірген оқушылары арасында «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бар.ҰБТ бойынша оқушылары жоғары баллға қол жеткізіп,грант иегерлері атанып отыр.Оның ішінде журналист, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдаған оқушылар бар. Білім беру саласындағы еңбегі үшін Білім басқармасы, «Әділет» кәсіподағынан, қала әкімінен марапаттары бар.

 

Рысмухамбетова Махаббат Давлеталиевна- директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, академиялық атағы « Химия магистрі», біліктілік санаты «педагог-шебер». Мектептің критериалды бағалау бойынша үйлестірушісі. Мектеп оқу үдерісіндегі  Lesson Study жобасының жетекшісі. Мектептің даму жоспарын әзірлеуші және келесі жобалық жұмыстарды басқарады: «Ағылшын тілінде оқу элементтерін енгізу», «Ecochalleng». Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Әдістемелік қызметтің тиімді моделі» байқауында «2019 жылғы үздік әдістемелік шығармашылық қызмет» номинациясын иеленді. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының алғыс хатымен (2017,2018жж.). және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды (2019ж.).

 Мусатаева Науат Шаяхметовна-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 27жыл, осы мектепте 6 жыл. Біліктілігі жоғары санат.  «Экочеллендж», «Жас сарбаз», «ЗОЖ», «Туған жер» жобаларының жетекшісі.  Сабақтарында ағылшын тілі элементтерін қолданады.   ҚР Білім және Ғылым министрлігі қосымша білім беру орталығы,  ,  Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту Басқармасы, Астана қаласының Білім Басқармасы тарапынан марапаттарға ие.

 

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!


Мектеп инспекторы!!!

Бабасов Серғазы Арынгазиевич 
старший лейтенант
87787155858



Скрыть