Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572
 

       Айжан Маметханқызы  директор лауазымында 2016 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Астана қаласы әкімдігінің «№29 орта мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылынан бастап басқарады, педагогика және психология ғылымдарының магистрі.
        Айжан Маметханқызының өмірлік ұстанымы: данышпан А.Құнанбаевтың «Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды» деген сөзі.
        Білім беру саласындағы жетістіктері үшін бірнеше мемлекеттік марапаттардың иегері:

«Д.А.Қонаев атындағы орден», 2016 жыл.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2019 жыл.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Алғыс хаты», 2022 жыл.
Астана қаласы  әкімдігінің «Құрмет грамотасы»,2022 жыл.
Астана қаласы «Аманат» партиясының «Алғыс хаты»,2021 жыл.
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің «Алғыс хаты», 2019-2022 жыл.


Жекенова Бибигуль Тулеубаевна: директордың инновациялық  технологиялар жөніндегі  орынбасары;

Мамандығы: математика және физика пәнінің мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 30 жыл

Лауазымы: педагог- сарапшы

Марапаттары: Білім Басқармасынан «Алғыс хат», Астана қаласы, «Алматы» ауданы  әкімдігінен «Алғыс хат».



 Касанова Райгүл Айтөреқызы -«№29 орта мектеп» КММ  директорының оқу ісі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, біліктілік санаты «педагог-зерттеуші». Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың  бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтады, мектеп тренері. Мұғалімдердің біліктілігін дамытуда, оқушылардың білім сапасын арттыруда нәтижелі еңбек етіп келеді.Оқушылары арасынан «Алтын белгі», «Қызыл аттестат иегерлері» көптеп кездеседі. Білім беру саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы президенті, Білім министрі, қала әкімі, Білім басқармасы тарапынан марапаттары бар.

 

 gulzara
  
Аушахманова Гульзайра Елтаевна –«№29 орта мектеп» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Педагог-зерттеуші лауазымында еңбек етеді. Оқушылары аудандық,қалалық олимпиадаға қатысып,жүлделі орындарға ие. Бітірген оқушылары арасында «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бар.ҰБТ бойынша оқушылары жоғары баллға қол жеткізіп,грант иегерлері атанып отыр.Оның ішінде журналист, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдаған оқушылар бар. Білім беру саласындағы еңбегі үшін Білім басқармасы, «Әділет» кәсіподағынан, қала әкімінен марапаттары бар.


 Мусатаева Науат Шаяхметовна-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 27жыл, осы мектепте 6 жыл. Біліктілігі жоғары санат.  «Экочеллендж», «Жас сарбаз», «ЗОЖ», «Туған жер» жобаларының жетекшісі.  Сабақтарында ағылшын тілі элементтерін қолданады.   ҚР Білім және Ғылым министрлігі қосымша білім беру орталығы,  ,  Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту Басқармасы, Астана қаласының Білім Басқармасы тарапынан марапаттарға ие.

 

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть