Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

«ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ» білім беру бағдарламасы

«ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ» білім беру бағдарламасы

08.10.2016

      Педагог кадрлардың біліктілік деңгейін және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында мектебімізде тренерлік курсты аяқтаған бастауыш сыныптар мұғалімі Р.А.Касанова және математика  пәні мұғалімі Р.Ж.Бимолдина  «Тәжірибедегі  рефлексия»  жалпы білім беретін мектептердегі педагогика  кадрларының кәсіби даму бағдарламасының жоспары бойынша арнайы үйрету сабақтарын жүргізуде.


 «ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ» білім беру бағдарламасы

Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді  игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау  дағдыларын жетілдіру.

Өзектілігі: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерімен үйлеседі.

Мектеп тренерлерінің басты рөлі:

  • Кәсіби шеберлік және кәсіби даму;
  • Тиімді оқытуға арналған жоспарлау;
  • Оқытудағы уәждеу тәсілдері;
  • Барлық мұғалімдерді жұмысқа тарту және тапсырма беру;
  • Мониторинг, бағалау және кері байланыс;
  • Бағалау әдістері. Мектеп тренерлеріне қойылатын талаптар (төменде курсивпен белгіленген) мұғалімдердің кәсіби дамуын ұйымдастыру және қолдау көрсетуде пайдалы болатын ақыл-кеңестермен бірге берілген.

Күтілетін нәтиже:

Барлығы: Топтық жұмысты қалай ұйымдастыруға болатындығын біледі

Көпшілігі: Топтық жұмыстың күрделі мәселелерді шешуге бағытталған тапсырмалардан тұратындығын түсінеді

Кейбірі: топтық жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушыларды белсенді оқуға итермелейді.

                       

 



Просмотров: 2236

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть