Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

Ерлік сабақтары

Ерлік сабақтары

18.11.2016жылы  №29 орта мектебінің  10 «а» сыныбында

« Жас ұландар-қамқоршысы елімнің » атты тәрбие сағаты өтті.

Тақырыбы: Жас ұландар –қамқоршысы елімнің.

 Мақсаты:        Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке отаншылдыққа,   елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу. Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу.

 Тәрбие сағаты кітапхана бөлімінде өтті. Сабағымыздың қонағы болған  Тәрбие ісінің меңгерүшісі: Мұсатаева Н.Ш; АӘД пән мұғалімі: Ахмадиев Б.А; Сынып жетекшісі Джумабаева А.Т; Кітапхана жетекшісі: Карабанова С.А.  Сонымен қатар  6 «в» және 7 «б» сынып оқушыларында шақырдық. Тәрбие сағатын   Қазақстан Республикасының әнұран мен бастадық.  Жүргізүші 10 «а» сынып оқушысы  Жиксенов Темирлан.
                

Оқушылар алғашқы әскери дайындық сабағындан пайдалана отырып, әр түрлі жаттығуларын көрсетті. Айтатын болсақ сап түзеу, уақытқа мылтықты бөлшектеп жинау, газ тұмылдырық кию, алғашқы медициналық көмек көрсету.

1.«Сап түзеу».

              

2.«Мылтықты бөлшектеп жинау» көрінісін Альфитов Расул
 
              

  1. «Уақытқа мылтықты бөлшектеп жинау» Мусатаева Адель
               

4.Төтенше жағдайда,  адам түтінге, ысқа, химиялық жарылғыш заттардың иісінен тағы басқа зиянды заттармен уланып қалмау үшін Газ тұмылдырық киіп, қалай қолдану керектігін  Женисов Балғын және  Алтаев Мейіржан  көрсетуде.
                


5.Әскери борышында жарақат алған кезде, қандай алғашқы  медициналық көмек көрсету. «Жасанды жолмен тыныс алу», «Аяқ-қол сынғанда» көрсететін жардем. Кунарова Аружан, Ақылбекова Эльмира және Балхиева Аяна түсіндіруде.
                 

                 

Отанға деген жылу сезімнің нысанымен қайнар көзі. Отан десек, оның мазмұны тұған жер, ұлттық тіл, ұлтық достық, олардың адам көкірегінде жылулық, жақынды, туыстық сезімдерін ұялатып, ізгі ерлікістердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тиәрбиелеудің арқауы десек болады.Оқушыларда өздерінің отанға деген жылу лебіздерін білдіріп, отан туралы өлең-шумақтарын айтып шықты.
                

Оқушылар ерлікке, отанға байланысты қанатты сөздердіде айтып шықты.«Отан үшін отқа түс күймейсің», «Ерлік елеусіз қалмасын», « Ерлік елдің қасиеті  Жүректік –жігіттің қасиеті», « Тізе бүгіп тірі жүргеннен, Тіке тұрып, өлген артық», « Әр қазақтың баласы, ар мен намыс иесі»,«Елім деп еміреніп қызмет жаса, Жұртым деп жүгініп қызмет жаса ».

 Сабақтың соңында оқушылар «Сапқа тұр» әнін орындап шықты.

                

Бүгінгі өткен сабағымызда ат салысқан оқушылар да, көрермен жас ұрпақ та өзіне қажет біраз тағлым алды деп сенеміз. Ендеше еліміздегі ұлттық қоғамдық кемелдендіру үшін ел болашағы –жас ұрпаққа рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруланыңдар деп айтқымыз келеді.

Отанын шын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, ақылды, білімді боп өсіңдер, жас ұрпақ дей келе бүгінгі шарамызды осымен аяқтаймыз. Дайындаған сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т.

 

 


 



Просмотров: 836

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть