Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

05.12.2016жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай

05.12.2016жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай

10 «А» сыныбында «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Сабақтың мақсаты:  Балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру. Қазақстан  Республикасының басты жетістіктерімен  таныстыру,патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақты әнұранмен бастадық. Оқушылар  тәуелсіздікке байланысты өлең шумақтарын айтып шықты.Қазақстан елі тәуелсіздікке қалай  жеткені туралы әңгіме жүргізді.


                

Тәуелсіздігіміздің ең алғашқықастерлі нышандарының бірі –Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі. Ол 1986 жылғы сол кездегі жаңа алаңда бой көтерді. Бұл жер -1986 жылғы  Желтоқсан көтерілісінің кіндігі болған алаң.  Оқушылар өз ойларын жеткізе алды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  бейне –клип көрсетілді. Онда оқушылар тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік. тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары байқады.Оқушылар көңіл бөліп ,тыңдады. 


                


Мұғалім: біздің басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз. Сол үшін де  бүгінгі  жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені абзал.

16 желтоқсан-Тәуесіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

                                                                                                                       Сынып жетекшісі:  Джумабаева А.Т



Просмотров: 668

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть