Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

«Эко» стиліндегі өмір акциясы бойынша өткізілген, метепшілік іс-шара.

Астана қаласы  №29 орта мектебінде 

 «Эко» стиліндегі  өмір акциясы бойынша өткізілген, метепшілік іс-шара. 

06.12.2016 жылы 6-7сыныптар  арасында « Экология –ел  амандығы»   тақырыбында іс-шара өткізілді

Өткізген биология пән мұғалімі:  Джумабаева  Айнура Тұрғамбековна .

Тақырыбы: Экология - ел амандығы.

Мақсаты: қазіргі әлемде ғылым мен  техниканың дамуы, халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде,осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие  беру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі; оқушылардың табиғаттқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға, аялалауға деген көзқарасын қалыптастыру.

Жүргізушілер:   Төлеуов Бауыржан  және  Аушамова  Алия.

           

Экологияға байланысты, тілшілер сөйлейді.

          

«Экологиялық жағдаят» көрініс.

(Оқушыларға  саяхатқа  қажетті  заттар  салынған сөмке ұсынылады, онда көрпеше, ағаш  жаңқасы,  сіріңке, сусындар, консервы, полиэтилен  қалталар, газет т.бзаттар бар.Оқушылар серуенге шығып , берілген заттарды пайдаланады. Саяхат  аяқталғанда қалдық заттарды жинақтау).

 Бірінші көріністе  табиғатта  демалып отырған жерін тазалайды, қоқыстарын жинайды.Екінші көріністе оқушылар  табиғатта демалып отырған жерін жинамай,шашып кетеді.
           

  1. Қағаз 2-10 жылда   ыдырайды.
  2. Консерві банкілері    80 жылда
  3. Полиэтилен    200  жылда
  4. Шыны 1000жылда     
  5. Пластмасса 500жылда

Ортаға   ақ жаулықты, Жер-Ананы шақырамыз.


             

Ата-бабаларымыздан Абай Құнанбаев атамыз табиғатқа байланысты көп өлеңдер жазған. Ұлы Абайды табиғат жыршысы, эколог деп білеміз.


Қоршаған ортаға байланысты тыйым сөздер, мақал-мәтелдер айтты. Оқушылар «Арман ағашына » өз ойларын  алма пішінді стикерлерге жазып, жылу лебіздерін, жақсы тілектерін білдіріп ағашқа ілді



Сабағымыздың соңында оқушылар ортаға шеңбер құрып, қоршаған ортаға, табиғатқа күннің нұрын, шуағын шашып, көңілді күйде  сабағымызды аяқтадық.                                           



Қоршаған орта, табиғат біздің асыраушы анамыз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, тұрған ортамыздыда солай аялай, сүйе білейік.

 

 



Просмотров: 846

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть