Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

2016 жылы 09 желтоқсанда № 29 орта мектебінде 9-шы сыныптар аралығында «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы-Мәңгілік Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2016 жылы 09 желтоқсанда  № 29 орта мектебінде 9-шы сыныптар аралығында «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы-Мәңгілік Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: «Мәңгілік ел» идеясы маңыздылығын аша отырып, оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту

Ашық сабақ Әнұранның орындалумен басталды.  Алғы сөзінде Шогурмакова Ш. Ж. тақырыпқа шолу жасады  «Ағылып,зарлаған қанша жан

Асқақтаған ақ арман

Тәуелсіз Қазақстан»   айдарымен бейне фильм көрсетілді .  Оның мазмұны : Керей мен Жәнібектің хандығының кұрылуы, жоңғар шапқыншылығы, Ұлы Отан соғысы, Семей ядролық полигоны, Желтоқсан оқиғасы және тәуелсіздік алғаннан кейінгі бейбіт өмірде қазақ халқының жетістіктеріне  арналды.

Олимпиада жеңімпаздары, халықтар ассамблеясына қатысты көріністер болды.

Бахытжан Дилара және Серикпай Азина шағын баяндама жасады.

                             

Сөз кезегіне тарих пәнінің мұғалімі: Аушахманов О. Е ие болды.  Ол жылдар тізбегі бойынша оқушылардан нақты сол жылға қатысты болған оқиғаларды атауды талап етті.

Ашық сабақ соныңда оқушылар мұғалімдердің сұрақтарына жауап беріп, пікір таласқа қатысты.  Мәңгілік ел идеясына қосатын үлестері туралы ойларын білдірді.

Қорытынды:

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

    Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады

.

Сынып жетекшілері:   Шогурмакова Ш.Ж., Рахимберлина А.А.



Просмотров: 1060

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть