Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

«Туған жерім-Атамекен!»

Тәрбие сағатының тақырыбы:    «Туған жерім-Атамекен!»
Мақсаты:    білімділігі: оқушыларға  КСРО-ның ыдырауын жеделдеткен 1986 жылғы Алматыдағы  Желтоқсан оқиғасына   30 жыл, оқиғаның  болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
Көрнекілігі:  бейнебаян, слайд, «Желтоқсан желі» әні , Желтоқсан қаһармандарының  суреттері

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ата - бабаларымыз сан ғасырлар бойы өз елінің, жерінің білімді, қайратты, ұлтжанды, намысшыл, иманды тұлғаларын дайындауды арман, мақсат еткен.     Желтоқсан әркімнің жадында, тарихи ғасыр жылнамасында мәңгі жазылып қалды. Өйткені, ол дүниені дүр сілкіндірген оқиға еді. Ол еркіндік пен теңдікті талап еткен ел ұландары – жас жігіттер қыздардың бас көтеруі еді. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан - жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды, іштей терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған, халқымыздың қасіреті мен ар - намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы желтоқсан көтерілісті қазақ халқын дүние жүзіне танытты. Желтоқсан оқиғасы халқымыз үшін қайғылы да қаралы күндер болып саналмағанмен, тарихымыздың шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Оны ел санасын оятудағы, тәуелсіздікке талпынтудағы мән - маңызы өте зор.
1 - оқушы:
Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
От боп жанған қазағымның жастары,
Жалынымен ерітіпті мұздарды.

2 - оқушы:
Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
Еркіндікті қашанда ел көксейтін.
Қаныменен тарихтарда жазылып,
Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.

3 - оқушы;
1986 жыл 16 - желтоқсан. Ақ қар. Көк мұз. Күн күркіреп, найзағай шартылдады. Дүниенің астаң - кестеңі шықты. Қысқы жасын. Қысқы найзағай. Ағаш біткен сілкініп, балаң талдар солқылдап, жас шыбықтар майысып құлап қалды.

4 - оқушы:
Желтоқсанда,
Алматыда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда
Күңірене күн күркіреп жау жақтан
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда!
Аппақ қала, Аппақ ғалам, О, тоба!
Найзағайлар қар жалап тұр жотада,
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,
Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.

5 - оқушы:
Кім көріпті о заман да, бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде үрей – бөрі ұлиды,
«Болсайшы аман, мына ғалам дін аман!»

6 - оқушы:
Құдіретті жаратылыстың күңіренісі...
Желтоқсанның 16, 17, 18. Сұмдық оқиғалар,
«Ашыды жан!
Тасыды қан!
Араша!
Ит қосатын құлдың ұлы деймісің
Айбыны асқан алты алаштың баласы!»

 

 

7-оқушы: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

 

8-оқушы:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?

 

9-оқушы:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

 

10-оқушы:

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

 

 

 

11-оқушы:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

12-оқушы:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

13-оқушы:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

14-оқушы:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

15-оқушы:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

16-оқушы:

 Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

17-оқушы:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
18-оқушы:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

19-оқушы:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

20-оқушы:

 Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы, өз теңгесі, өзіндік салт-санасы мен өз шекарасы белгіленген дербес күйге ендік. Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысып келген ата-бабаларымыз қалай аңсады десеңізші!
21-оқушы: Ия, біз ата-бабаларымыздың арманына жеттік. Етек жеңін жинаған, көршілерімен тату –тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты, Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар сұлу табиғат бізде десек артық айтпаймыз.
22-оқушы: Ата-бабаларымыз жылдар бойы аңсаған күнін, күткен таңын біздер, бүгінгі ұрпақ қадірлеп, осы күн үшін күрескен азаматтарымызды еске алып, ертеңгі күніміз бүгінгіден де жарқын болсын деп армандаймыз!
1-оқушы: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан –байтақ Республикам бұл менің!

Мұғалім: Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады.

 1998 жыл ... Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп келген ұлттық тарихымыздың жай –жапсарына жан– жақты көз салғызды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді. Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі – Астана қаласы! Тәңірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің, Астана!

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

                         Өткеніңді еске алсаң,

                         Өскеніңнің белгісі.

                         Өткеніңді ұмытсаң,

                         Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбритания елі болса, сол ЭКСПО «Болашақ энергиясы»тақырыбымен өтетін  көрме біздің Астанада болмақ.Бұл үлкен жетістігіміз.Жетістіктерге жете берейік! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

              


        

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Просмотров: 839

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть