Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

«Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»атты онкүндігі

Астана  қаласы  №  29  орта  мектебіндегі 2017 жылдың  2- 13 ақпанда  өткен  «Өзін- өзі тану: Махаббат пен  Шығармашылық   педагогикасы»атты      онкүндіктің      анықтамасы.

Республикалық  жоспарға сай мектепішілік  онкүндік  өтті.

Онкүндіктің  мақсаты: Оқушы  бойына махаббат  пен  шығармашылықты  баулу   арқылы  оқушылардың белсенділіктерін арттыру,  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  өзара  тәжірибе  алмасу.

  Онкүндік барысында барлық өзін-өзі  тану  мұғалімдері  ашық  сабақтар  мен  тәрбие  сағаттарын  өткізді.Пән мұғалімдері қабырға газетін ұйымдастырды. Оған оқушылардың шығармалары ілінді.

 
            

   2-ақпанда Досполова Г.А. мен Мұхантаева Ш.С. ұйымдастыруымен  іс-шара өтті. Бастауыш сыныптарда Мерекелік ашылу салтанаты болып өтті.Оқушылар мейірімділік туралы өлеңдер оқып, көрініс көрсетілді. Интербелсенді тақтадан Сара Назарбаева туралы слайд, видеофильм көрсетілді. Оқушылармен түрлі  ойындар,   әңгімелер  жүргізді.  Залдың  ішін  де   тақырыпқа   сай  безендірілген.

         

Онкүндік барысында пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің қолдан жасалған бұйымдарын Өзін-өзі тану кабинетіне сыйға тартты. Үздік жұмыстар марапатталды.

           

 Оқушы«Адамгершілік-асыл қасиет»  атты  сынып  сағаты  болды. Оқушыларға алдын- ала үйге тапсырмалар  берілді.  Үйден  адамгершілік,  имандылық,  инабаттылық  туралы  мақалдар  жазып  келу  тапсырылды.Сабақта  Абайдың  өлеңі  бойынша  талдау  жүргізілді. Пән мұғалімдері онкүндік аясында ашық сабақтар    өткізді. 4- ақпанда Досполова Г.А. өзі беретін  4 «А», «Б», «В» қазақ сыныптарында « Өзімшілдік пен  көпшілдік» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа  бесне қатысты. Таптық жұмыс, шығармашылық жұмыстар атқарылды. Оқушылар сабақ соңында өз пікірлерін білдірді.

           

Сыныпты  топқа бөліп  өткізді.  Сынып  топтық жұмыстарды  жоғары  деңгейде  өткізді. Балалар  мейірімділік,адалдық туралы, өзімшілдік пен көпшілдік туралы  ойларынын ортаға салды. Оқушылармен түрлі  ойындар,   әңгімелер  жүргізді.

           

 9 ақпанда 7 сыныпта «Мөлдір  бұлақ- жасыл құрақ» атты  ашық  сабақ  болды.  Пән  мұғалімі  Рақымберлина  Алма  Аманжоловна. Сабақта  түрлі   әдіс  тәсілдер  қолданылды.    «Алты  қалпақ»тәсілі  өте  ұнады  балаларға.  Оқушылар  өз  ойларын  ашық  айтты.  Тыныштық  сәтінде  табиғат  аясына  саяхатқа барды.

           

          

 Онкүндік «Адамгершілік –асыл  қасиет»атты  тақырыпта  сынып  1-  11 сынып  аралығында сағаттары  өтті. Оқушылар  адамгершілік, мейірімділік  туралы  өлеңдері  мен  шығармаларын  оқыды.    6 ақпанда 7 «А» сынып оқушысы Убайдолла Асхат қалалық сайысқа қатысып, өзінің «Анаға» өлеңін оқыды.

3 ақпан күні Мухантаева Ш.С. 4 «Г» орыс сыныбында «Жить по совести» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылардың тіл байлықтары, Өзін-өзі тану пәніне деген ойларының жүйріктігін көрсете білді.Оқушылар өздерін сабақта дұрыс ұстап,барлық құндылықтарды, 5 Т ережелерін талдап берді. Шолпан Сапарбековна 3 деңгейлік курсын тамамдап келген соң Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар ұйымдастырды. Басқа мектептің пән мұғалімдерімен де араласып, тәжірибе  алмасып отырды.

           

Сабақта шығармашылық жұмыс түрлері орындалды.

          


1 «А»  сыныбында ата-аналармен  сыныптан  тыс «Аялйық  сен деп  соққан  жүректі» атты  ата-  аналар  жиналысы  өтті. Ата-аналар  топқа  бөлініп,  түрлі  жұмыстар  жасады.  Әр  топ  басшысын  сайлады.  Бір -  біріне  тілектер  айтылды.  Жүректен -  жүрекке  айдарында  «Анашым» өлеңін  хормен  айтты.  Ата-аналар  атынан  Шажибаев  Әділдің  ата- анасы  тілек  батасын  берді. Ата-аналар тарапынан осындай тақырыптағы бас қосулардың жиі болып тұруын өтінді. Ата аналар да мектеп жайлы жақсы пікірлерін айтты.

          

9 ақпанда Өзін-өзі тану мұғалімі Досполова Г.А. мұғалімдермен «Адам бойындағы басты құндылықтар тақырыбына семинар сабақ өткізді. Мұғалімдер өздерін оқушылардың орнына қойып, ойландырған сұрақтарына жауап алды.

          

  13 ақпанда мектеп  психологі:  Загипарова  Клара  Сулейменовна  ұстаздар  арасында         «Раскрытие индивидуальности педагога  и  сплочение педагогического  колектива» атты  тренинг  өткізді. Мұғалімдер  арасында  осындай  тренингтердің  көп  көмегі  тиеді.  Мұғалімдерге түрлі  тапсырмалар  орындатылды. Ән айтылып, түрлі өлеңдер оқылып, мұғалімдер де өздерінің шығармашылық жақтарын көрсетті.

         

13  ақпанда  онкүндіктің салтанатты  жабылуы  өтті. Ауа –райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сыныптардың іс-шарасы кейінге қалдырылды. Салтанатты жабылуда қолөнер мен сурет, өлең сайыстарына қатысқан және осы апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Онкүндік  барысында  белсене  қатысқан   сыныптар  марапатталды. Мұғалімдер арасынан апталыққа белсене қатысқан Мұхантаева Ш.С. №  48 м.л өткен Салтанатты жабылуында арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Онкүндік   барысында барлық   пән  мұғалімдері  ашық  сабақтар  мен  сыныпсағаттарын  көрсетті.



Просмотров: 1082

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть