
Директор лауазымында 2013 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында кадет сыныбын, №1,3 музыка мектептерінің филиалын (домбыра, фортепиано, аккордеон), техникалық шығармашылық орталық, мектепалды даярлық топтарын ашты. 1-11 сынып оқушыларына «Өзіндік даму психологиясы» («Релакс» кабинеті ашылды),т.б. эксперимент, жобаларын ашуға жағдай жасады. Оқу үдерісіне «Lesson study», «Экочеллендж», «Nestle: дұрыс тамақтану» курсын енгізді. Білім беру саласындағы жетістіктері үшін Білім министрі, қала әкімі, Білім басқармасы тарапынан грамоталармен марапатталды.

Жекенова Бибигуль Тулеубаевна: директордың инновациялық технологиялар жөніндегі орынбасары;
Мамандығы: математика және физика пәнінің мұғалімі
Педагогикалық өтілі: 30 жыл
Лауазымы: педагог- сарапшы
Марапаттары: Білім Басқармасынан «Алғыс хат», Астана қаласы, «Алматы» ауданы әкімдігінен «Алғыс хат».
Рысмухамбетова Махаббат Давлеталиевна- директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, академиялық атағы « Химия магистрі», біліктілік санаты «педагог-шебер». Мектептің критериалды бағалау бойынша үйлестірушісі. Мектеп оқу үдерісіндегі Lesson Study жобасының жетекшісі. Мектептің даму жоспарын әзірлеуші және келесі жобалық жұмыстарды басқарады: «Ағылшын тілінде оқу элементтерін енгізу», «Ecochalleng». Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Әдістемелік қызметтің тиімді моделі» байқауында «2019 жылғы үздік әдістемелік шығармашылық қызмет» номинациясын иеленді. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының алғыс хатымен (2017,2018жж.). және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды (2019ж.).
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 27жыл, осы мектепте 6 жыл. Біліктілігі жоғары санат. «Экочеллендж», «Жас сарбаз», «ЗОЖ», «Туған жер» жобаларының жетекшісі. Сабақтарында ағылшын тілі элементтерін қолданады. ҚР Білім және Ғылым министрлігі қосымша білім беру орталығы, , Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту Басқармасы, Астана қаласының Білім Басқармасы тарапынан марапаттарға ие.