Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

 

 

Ата-аналардың назарына!

Құрметті ата- аналар!
Астана қаласы әкімдігінің “29 орта мектеп” КММ желтоқсанның 19-23 аралығында “Ашық есік күні” апталығын өткізеді. Апта  бойы 1-11 сыныптың барлық сабақтарына , жоспарланған іс- шараларға қатысуларыңыз сұралады.

1 сыныпқа оқушыларды қабылдау туралы
31 шілде – 1 сыныпқа құжат тапсырудың соңғы күні

«Балаға Лайық» республикалық акциясының тұжырымдамасы   

Ата-аналардың назарына! 2022 жылдың 1 сәуір-1 тамыз аралығында балаларды 1-сыныпқа қабылдау жүргізіледі.
Пара беру - бұл қылмыс
 2021-2022 оқу жылындағы мұғалімдер тізімі

 Қызылша




ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларын, түлектерді, педагогтер мен ата-аналарды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтады
https://www.gov.kz/uploads/2024/5/24/a983028501335d3ca65abad49bd5d816_1280x720.jpeg

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді биылғы оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы айтулы оқиғаны алғаш рет «Білімім – Отаныма» тақырыбында жаңа бірыңғай форматта атап өтеміз.

Бұл – бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, мұғалімдерге, мектеп ұжымына, ата-аналарыңызға алғыс айтуға болатын таптырмас себеп. Өйткені, сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі! 

Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда Сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер.

Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 - алтын, 95 – күміс, 128 – қола медаль бар.

Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!

Құрметті педагогтер!

Биылғы көктем әсіресе батыс және солтүстік өңірлердегі әріптестерімізге ауыртпашылық ала келді. 26 мыңнан астам білім беру қызметкерлері су тасқынына қарсы күресте алдыңғы қатарда болды. Қиындықтарға мойынсұнбай, балаларымызды оқытуды жалғастырдыңыздар, мектептерді құтқарып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеттіңіздер және ағартушылық миссияны адал атқардыңыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен ұстаздық кәсіпке адалдықтарыңыз үшін ең шынайы ризашылығымды білдіремін!

Құрметті түлектер!

Сіздер өмірдің жаңа, жауапты кезеңіне аяқ басқалы тұрсыздар және бұл сіздер үшін ғана емес, бәріміз үшін – ата-аналар, мұғалімдер, тәлімгерлер үшін де жан тебірентер сәт.

Биыл 186 мың мектеп түлегі аттестат алса, 150 мыңнан астам колледж бітіруші диплом иеленіп, толыққанды маман болады.

Осы жас буын мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мүмкіндікті пайдаланып, еліміздің өсіп-өркендеуіне барынша атсалысады деп сенемін!

Сіздерге ақ жол тілеймін!

 

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть