Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.



1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда 120 этнос пен 17 діни конфессия өкілдері тату тіршілік кешуде. Бұл мерекені тойлауда мектеп оқушылары да шет қалмады. Дәстүр бойынша Қазақстанды мекендеген ұлттар мерекесін өткізді. Әр сынып белгілі бір ұлтты таңдап, оның ұлттық киімі, тағамымен таныстырып, өнерін көрсетті. Сахнада қазақ, өзбек, орыс, тәжік, кәріс, түрік, т.б. өзге де ұлт өкілдерінің әндері айтылып, билері биленді. Барлық ұлттардың арасындағы достықты нығайтып, ынтымағын жарастыратын айтулы күнді атап өтуде барлық оқушылар ат салысты.

Ерекше көзге түскен 7, 2, 3 сынып оқушылары дипломдармен марапатталды.


Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

 

Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!



3 сынып қыздарының орындауында кәрістің халық биі



2 сынып оқушыларының орындауында неміс халқының полькасы



Қатысушылардың финалға шығуы



Просмотров: 694

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть