Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

Ата-аналар назарына!!!

АТА – АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
        Астана қаласының Білім басқармасы, Сіздің назарыңызға Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.
       Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім ұйымдарындағы сабақты тоқтатудың параметрлері:
1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
Сонымен қатар, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).
Сіз сабақты тоқтату туралы ақпаратты 6.45-тен 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15-тен 12.30-ға дейін (ІІ ауысым) келесі ақпарат көздерінен алуға болады:
- «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31-арна», «СТВ» арналарының жүгіртпе жолында, «АлмаТВ», Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;
- «Хабар», Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ» , «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама беріледі;
- «Радио-Астана», «Ретро-ҒМ», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радио толқындарынан «дауысты хабарлама» беріледі;
- 169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қоңырау шалуға болады;
- Астана қаласы әкімдігінің www.astana.gov.kz сайтында беріледі;
- Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген;
- ата – аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады;
            Ескерту: Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат көрсетілген уақытта беріледі. Сабақты тоқтату туралы ақпарат берілгенше күтіңіздер, өйткені ақпарат беру мекемелердің жұмыс кестесіне байланысты. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақтылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды өтінеміз.
           Немесе №29 орта мектепке хабарласа аласыздар: 94-74-25

Просмотров: 739

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть