Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

«Қыз өссе елдің көркі»

8 «А» мен 8 «Б» сыныптары арасында «Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: - Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік негізінде тәрбиелеу. - Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.  - қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту.
Сұлулықты соған ғана берген бе! Кімде болса бас иеді мойындап, Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушы қыздарымызға сәттілік тілей отырып, қошеметпен ортаға шақырдық.
                                   

 Байқаудың шарттары: 1. «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен» 2. «Өнерлі өрге жүзер», 3. «Шеберлік шыңға жеткізер» қолөнер бұйымдарынан көрме 4. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» 5. «Көктемгі қиял» сәндер шеруі
  
  
 Қорытынды:
  

Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген. «Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын, Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз. Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға, оларды қолдаған аналарына  рахмет айтылды. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Сынып жетекшілері:  Шогурмакова Ш.Ж.,  Рахимберлина А.А.



Просмотров: 695

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть