Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

«Ана- өмірдің шуағы.»

Тақырыбы: «Ана- өмірдің шуағы.» Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Көрнекілік:  даналық сөздер. Интерактивтік тақта. Презентация. Түрі: әдеби-музыкалық монтаж Барысы: интерактивті тақтада «АНА-ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ» жазуы.

Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір күнің, Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің, Ұсынамыз бүгін Сөздің сұлу шоқ гүлін. Анаға айтар лебізің.

Аружан: Құшағыңа кіргенде, Жылынамын бір демде Не жетеді көзіңе Мейірімді күннен де. Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын анашым Сегізінші Наурызбен.

Бірімжан Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген-бәйтерегі өмірдің. Ана деген –алтын қазық, алтын бақ. Ана деген- асыл жандар болаттай Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Азат: Ана десем сезім билер тым ыстық Жарасымды адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірін, Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Ана десем, шешек атып жанары Өмірімнің бастау алар жаңа әні. Ана деген тіршілікте пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Бірімжан: -Ана, ана, ана ! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Міне, ана деген сөздің өзі ыстық.

Жандос: Мәпелейсің мені анам Қолыңдағы құсыңдай. Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қысылмай, Үмітіңдей көзіме Көп қарайсың үңіліп. Еркелеген сөзімде Ертеңіңіз тұр күліп. Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін. Айтқаныңды екі етпей, Ақ сүтіңді өтермін. Біліп тұрсың, жан анам Міндеті үлкен ботаңның Күтері сол баладан Ана менен Отанның!

Шағын көрініс «Дүниеде не тәтті?»

Мейрамбек: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім, Жанымды жадыратып, күлдіретін Сендегі маған деген махаббатты, Нұр толы қос жанарың білдіретін. Бар ана туған елдің гүлі дер ем, Анажан қайғың болса күңіренем. Таусылмас тау суындай ақылың бар, Сен барда менің әр бір күнім өлең.

Ерасыл: Сен менің астанамсың, Қуанам, күлемін мен. Саялар баспанамсың, Жылтатын жүрегіңмен. Суреттей салынбаған Сенің бар қасиетің. Сен күнсің жалындаған Тіршілік бас иетін.

Данияр: Жан ана, жарық жанарың Бір сенде кеңдігі даланың. Балаңды құшақтап сүйгенде Сеземін көктемнің самалын.

Әлемге тыныштық тілеген Жан ана жаныңа гүл егем. Балалық жүрекпен айтылған Махаббат белгісі бұл өлең.

 «Анашым» әні

Меруерт: -Ал, мен….. Ішіп болып тамақты, Кірісемін жұмысқа Жуам кесе, табақты Су құйып ап ыдысқа Көмектесем үнемі Анамның ісі сонша көп, Ойлап ылғи жүремін «Қолқанаты» болсам деп.

Әділ: Баланың да тірегі Дананың да тірегі Шаншымасын ешқашан Аналардың жүрегі Жақсы оқыған сабағын Балаға мен ағамын Біздер үшін Ананың Бұлт баспасын қабағын!

Ермек: Ана деген көп шығар, Анамдай менің жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі.

Бекзат: Қуаныштың ағайын Қоңырауын қағайын Ағартпасын тентектер Бір ананың самайын! Мұрат, мүдде, мақсатың Жақсы күн мен жақсы түн. Нағыз бақыт ананың Ақтау дер ем ақ сүтін.

Артур: Ана сүтінен барлық адам нәр алған, Ол азығын өзімен бір жаралған. Туа салып тұңғыш тапқан дәмін ол, Күш қуат боп өн бойына таралған. Сендерден өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар!

Арыстанғали: Өмірде ана- бақыт, ана- пана, Өмірді өркендетер ана ғана, өсірген талай көсем, талай шешен, Талай ер, талай ақын, талай дана Ана!Ол біздің елде ардақты адам Кішісі де, үлкені де ардақтаған Өзінің аяулысы отанында АНА деп біздің халық текке айтпаған!

Бауыржан «Ерке сылқым» күйі

Мерей: Дүниенің ең қымбаты ана екен, Ананың ең тәттісі бала екен. Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген, Ананың орыны бөлек дара екен Балаға ана еңбегі парыз деймін, Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін. Меккеге апарсада өтелмеген, Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін, Ана мерекесі құтты болсын. Жасыңа жас қосылып, бақыт қонсын. өмірде қызық көр жыл сайын. Береке мен бірлікке ортаң толсын!

                            




Просмотров: 608

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть