Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»

Өткізілген күн:28.04.2016ж

9«б»сынып

 Сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т

 Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, суреттер, Н. Назарбаевтың портреті, ҚР Конституциясы, баптар
Барысы:
1-жүргізуші Темірлан:
Құрметті оқушылар!  Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты жиынымызды өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі жиыынмызды  бастауға рұқсат етіңіздер!





«Әнұран »орындалады.
2-жүргізуші  :
 Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.

  • жүргізуші:Темірлан
    ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.

Ермурат: 7-бап ҚР мемлекеттік тілдер.

Аружан:15 бап Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

Рустам:29-бап Қ.Р-ң азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

Тоғанас: 30-бап Тегін орта білім алуына кепілдік береді. Орта білім алу міндетті.

Назар:36- бап Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндетті.

2- жүргізуші: Миржан

 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

1-жүргізуші Темірлан:

Мақтансаң  мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Әнұран -
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,- деп  жиынымызды ары қарай жалғастырамыз.
   Рустам: Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы -
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.
    Анель: Ту

Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.


 Елдос: Елтаңба
Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,
Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.
Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.
Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.
Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.
Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.
Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,
Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай






Назар: Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.
Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.
Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы,
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.
Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.
Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,
Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,
Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.


    Аяна: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.
Жеңістерге қолбасыдай, ерліктердің жолдасындай
Еліміздің әнұраны жүректерде жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың, жан серігі халқымыздың.
      Аружан: Әнұраным
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.
Жүрегінен орын алып елімнің,
Шартараптан шарықтаумен көріндің.
Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,
Белгісісің кең жазира жерімнің.
Әрлі әуенің шартарапты шайқады,
Күштілігін бүкіл халық байқады.
Шабыт берген Әнұранды әрқашан
Маңғаз елім мақтанумен айтады.




1-жүргізуші Темирлан:

--Мемлекеттік туымыздың авторы кім?
     Ермахан:   Нұрсейіт: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
2- жүргізуші Арай:

-- Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
     Жаслан:
  Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
     Анель: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
1-жүргізуші Темірлан:

--Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?
        Тоғанас: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.

     Көркем: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған. 1960 жылдардың бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.

 Елдос: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған. Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келеді.

   Абылай: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген.

    Шынар: Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.



2-жүргізуші: Миржан

.- Міне, балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты екен. Ата заңымыз бен елдігіміз көрінеді. Осындай ержүрек, бауырмал, қонақжай халықтың ұрпағы екендеріңді мақтанышпен айтуға болады. Олай болса, көк аспанымызда көк байрағымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз айбынымызды асыра берсін дейік!



Просмотров: 925

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть